Бас тақырып

Сарыарқаның төріндегі сәулетті шаһар

Сурет el.kz

Қымбатты жерлестер! Құрметті облыс тұрғындары!

Сіздерді Астана күнімен – әрбір қазақстандықтың жүрегін біріктіретін айрықша мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Астана – ұлтымыздың мақтанышы, Тәуелсіздіктің тұмары, рухымыздың күші мен кемел келешекке ұмтылыстың символы. Ұлы Даланың дәл жүрегінде, Сарыарқаның төрінде орналасқан бас қаламыздың іргесінің қалануы – тарихи әрі стратегиялық тұрғыдан маңызды оқиға болды.

Қысқа уақыт ішінде Астана еліміздің саяси, экономикалық және мәдени орталығына айналып қана қоймай, бүкіл әлем мойындаған бейбітшілік пен өзара келісімнің жаһандық диалог алаңы ретінде танылды.

Бүгінде Астана – жасампаздықтың жарқын үлгісі, татулық пен шабыттың символы, бүкіл өңірлерге бағыт-бағдар беретін өнеге қаласы. Бұл – арман қанат жайған, жоспар жүзеге асқан, болашақ нық қаланған қасиетті мекен.

Тәуелсіз еліміздің астанасы биіктей берсін, халықаралық аренадағы орнын одан әрі нығайта түссін!

Әр шаңырақта – береке мен ынтымақ, жүректерде – туған елге деген мақтаныш, ал, халқымыздың бірлігі – жарқын жетістіктерге берік негіз болғай!

Астана күні құтты болсын, ардақты ағайын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button