Спорт

«Сарыарқаның» бабы келіссе де, бағы жанбады

Хоккейден ел кубогі аясындағы ойындар жалғасуда. Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы чемпионаттағы алғашқы кездесуінде өз алаңында павлодарлық «Ертіс» клубымен 5:5 есебімен тең ойнап, буллит таймында жеңіліп қалды.

Алғашқы айналым 1:1 есебімен тең аяқталды. Бірінші минутта қарсылас команда шабуылшысы Артур есеп ашты. Араға 12 минут салып, жерлестер таразы басын теңестірді. Гол авторы – Глеб Зайцев.

Ойынның екінші бөлігінде бір гол айырмашылығымен жерлестер есепте алға шығады. Әуелі павлодарлық клуб сапынан 21-ші минутта Артем Севанькаев шайба салады. Араға екі минут салып алаң қожайындары таразы басын теңестіреді. Глеб Зайцев, артынша Егор Дугин мүлт кетпей, бірінен кейін бірі гол салып есепті 3-2-ге жеткізеді. Алайда, Диас Атаханов 25-ші минутта тағыда есепті теңестіріп кетеді. Осы таймның нүктесін қарағандылық клубтың шабуылшысы Александр Дербенев қойды. Әзірге есеп – 4:3.

 

Соңғы айналымда жерлестер тағы бір шайба салып, есепті еселеген  болатын. Гол авторы – Ярослав Хрипков (5:3). Бірақ, 38-ші минутта Диас Атаханов, 49-шы минутта Сергей Гриценко есепті теңестірді.

Ойынның негізгі бөлігі тең аяқталған соң, кездесу овертаймға ұласты. Алайда, қос команда бұл кезеңде де тең ойнады. Соңы буллит кезеңіне жалғасып, жерлестер қарсыластарынан айласын асыра алмады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button