Бас тақырыпСпорт

«Сарыарқалықтар» жеңіске үлес қосты

Хоккейден Азия чемпионатының ойындары басталды. Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы кездесуін Оңтүстік Кореяға қарсы өткізіп, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесуде құрама сапында өнер көрсеткен қарағандылық «Сарыарқа» клубының қорғаушысы Иван Степаненко бірінші болып есеп ашты. Әрі матч барысында хет-трик авторы атанып, команда жеңісіне зор үлесін қосты. Әрі сол ойынның “Үздік ойыншысы” атанды.

Суреттер Қазақстан хоккей федерациясының сайтынан

Қос құрама 2023 жылдан бері төрт мәрте кездескен көрінеді. Оның үшеуінде отандастарымыз жеңіске жетіпті. Ал, биылдыққа екінші мәрте кездесуі. Жыл басында Харбинде өткен Азия ойындарында бір топқа түскен. Сол уақытта отандастарымыз қарсыластарын жолда қалдырып, топтық кезеңнен І орынмен шығады. Осы жолы да қос қарсылас Азия чемпионатының топтық кезеңінде тағы қарсылас атанды.

Қос команда арасындағы кездесудің бірінші айналымы тартысты өтті. Қос құрама үнемі шабуылдаумен болды. Бірақ, ойынның ортасына дейін есеп ашылмады. Осы сәтте ойынның 10-миунтында отндастарымыз қапталдатып шабуылға қайта шығып, есеп ашты. Ұлттық құраманың Азия чемпионатындағы бірінші шайбасын – қорғаушы Иван Степаненко салды. «Сарыарқа» қорғаушысы бұнымен тоқтап қалған жоқ. 22-минутта әріптесі Максим Мусоровтың берген пасын қақпаға бағыттап, ойындағы екінші шайбасын салды. Осылайша Иванның соққан екі шайбасымен есеп 2:0-ге ұласып, отандастарымыз жеңіске бір қадам жақындай түскен.

Бірақ, кореялықтарн араға екі минут салып, есеп алшақтығын қысқартты. 32-минутта қарсылас команда шабуылшысы көзге түсіп, есеп алшақтығын қысқартқан-тын. Бұдан кейін шабуылдар мен соққылар нәтижесіз аяқталып, соңында екінші айналым да өз мәресіне жетеді. Есеп – 2:1.

Ал, үшінші айналымда отандастарымыз мұз айдынына тың күшпен оралды. Нәтижесінде, 42-минутта – Роман Старченко, 47-минутта Иван Степаненко үшінші шайбасын салып, есепті 4:1-ге жеткізді. Ал, қарсыластар ойынның аяқталуына екі минут қалғанда жауап ретінде екінші шайбаларын салып, ойынды осымен аяқтайды.

Жалпы, бұл топта Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея елінің құрамасы топтасқан. Статистикаға көз жүгіртсек, ұлттық құрама үшін қарсыластар аса бір қиындық тудырмайды-мыс. Олай дейтініміз, бұған дейін де кездесіп, жеңіп жүрген үйреншікті қарсыластары. Сондықтан, отандастарымыз бұл топтан да сүрінбей көш бастап шығады деп сеніммен айтуға әсте болады.

Ербол ЕРБОЛАТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button