Бас тақырыпБасты тақырыпСпорт

«Сарыарқа» жеңісті жолын қайта бастады

Биыл қарағандылық «Сарыарқаның» қарқыны жаман емес. Ел чемпионатын сәтті бастады. Әрі қарсыластарын да ірі есеппен жеңіп келеді.
Ел чемпионатының кезекті турында жерлестер сырт алаңда рудныйлық «Горнякпен» кездесіп, 4:3 және 4:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, сырт алаңдағы бұл жеңісінен кейін қарағандылықтар турнир кестесінде 26 ұпаймен ІІ орынға көтерілді.

Сурет клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Бірінші ойын жерлестер үшін оңайға соқпады. Әсіресе, алғашқы тайм. Бұл кезеңде алаң иелері ғана есеп ашты. Ал, жерлестер қанша шабуыл жасағанымен қарсылас қақпасынан саңылау таппады.
Тек, екінші айналымда шабуылшы Артем Лихотников есеп ашып, таразы басын теңестірді. Таблодағы көрсеткіш – 1:1. Нағыз ойын – үшінші кезеңде басталды. Шабуылға да кезек шығып, соққыны
да төпелетті. Әрі бірінен соң бірін есеп ашумен болды.
Қарағандылықтар сапынан 51-ші минутта – Евгений Королинский, 53-ші минутта – Радель Фазлеев көзге түсіп, есепті 3:1-ге жеткізген еді. Араға бес минут салып, алаң иелері жауап қайтарып үлгерді. 58 және 59-минутта қатарынан екі шайба салып, есепті теңестірді де, кездесуді овертаймға дейін жеткізді. Дегенмен,  овертаймда жеңіс жерлестердің жағында болды. Радель Фазлеев тағы бір мәрте қарсылас қақпашысынан айласын асырып, командасына жеңіс сыйлады.
Ал, қарымта кездесуде қарағандылықтар қарсыластарға мүлдем мүмкіндік бермеді. Алғашқы айналымда Артем Лихотников пен Сергей Барбашев есепті 2:0-ге жеткізді. Екінші айналымда Егор Кузьменко мен Артем Лихотников көзге түсіп, ойын тағдырын осы жерден шешіп тастады. Үшінші айналымда қар-
сыластар шабуыл ұйымдастырғанымен, қарағандылықтар қорғаныста осалдық танытпады.
Өткен жолы «Сарыарқа» төрт ойын қатарынан жеңілмей келіп, «Құлагермен» өткен кездесуде сүрінген болатын. Осы жолы кезекті қарсыластарын тізе бүктіріп, жеңісті жолын қайта бастады.

Ербол ЕРБОЛАТ
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button