Спорт

«Сарыарқа» өз алаңында жеңіліп қалды

Хоккейден ел чемпионатынң кезекті турында қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңында петропавлдық «Құлагер» клубымен кездесіп, жеңіліп қалды. Қос команда арасындағы бірінші кездесуде жерлестер 0:1 есебімен, екінші кездесуде 2:4 есебімен есе жіберді.

Сурет: «Құлагер» хк әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қос команда арасындағы бірінші кездесу тартысты өтті. Тек, ойынның тағдырын Андрей Ревацкийдің салған голы шешіп кетті.

Ал, екінші кездесуде қос команда да дес бермеді. Әуелі петропавлдық клубтың ойыншылары есеп ашты. 1-ші минутта – Денис Сергушкин, 9-шы минутта – Виталий Шульга мен Александр Своеволин шайба салып, есепті 0:3-ке жеткізді.

Екінші айналымда Никита Потапов есепті 0:4-ке ұзартып, алаң иелеріне мүмкіндік қалдырмады.

Десе де, қарағандылықтар үшінші айналымда екі гол салып, есеп алшақтығын қысқартқан болатын. Гол авторлары – Егор Кузьменко мен Глеб Зайцев. Алайда, есепті теңестіре алмай, петропавлдықтардан екінші ойында да жеңіліп қалды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button