«Сарыарқа» өз айдынында жанкүйерлерін қуантты
Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңында Петропавлдың «Құлагерін» қабылдап, жанкүйерлерін қуантты. Алғашқы кездесудің алдында «Құлагер» жеңіс сериясымен келген еді. Алты ойынды қатарынан ұтып, маусымды сәтті бастады. Ал «Сарыарқа» Астанада «Номадтан» екі мәрте ұтылып, намысты қайрай түскен.

5 қазандағы алғашқы матч өте шиеленісті өтті. Қарағандылықтар жылдам шабуылға сүйеніп ойнады. Алғашқы минуттарда Сергей Барбашев әдемі соққымен есеп ашты. Дегенмен көп ұзамай қонақтар таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңде алаңдағы тартыс қыза түсті. Ойыншылар арасындағы қақтығыстар, бір-біріне берілмеген соққылар – нағыз хоккей шайқасына айналды. «Сарыарқа» 5×3 форматында бірнеше мүмкіндікті жүзеге асыра алмады, ал «Құлагер» керісінше алға шығып кетті. Бірақ қорғаушы Эдуард Михайлов қарсыластың қақпашысын қапы қалдырып, есепті қайта теңестірді.
Шешуші үшінші кезеңде «Сарыарқа» ойыншылары мінез көрсетті. Александр Борисевич командасын алға шығарса, соңғы минуттарда Данила Карабань бос қақпаға шайба салып, жеңісті түбегейлі бекітті. Қақпашы Жакен Ибрагимовтің сенімді ойынын да айта кеткен жөн. Ол бірнеше қауіпті сәтте қақпаны құтқарып қалды.
Қорытынды есеп:
«Сарыарқа» – «Құлагер» 4:2 (1:1, 1:1, 2:0)
1:0 – Сергей Барбашев (Егор Кузьменко)
1:1 – Александр Своеволин 1:2 – Константин Двуреченский (Маркабаев, Своеволин)
2:2 – Эдуард Михайлов (Фазлеев, Степаненко)
3:2 –Александр Борисевич (Наместников, Барбашев)
4:2–Данила Карабань (Лихотников)
Бұл жеңіс «Сарыарқаның» жанкүйерлеріне жаңа үміт сыйлады. Енді командалар 6 қазанда тағы да айдынға шығып, екінші ойында күш сынасады.
Жамал АКПАРОВА