Бас тақырыпБасты тақырып

«Сарыарқа» Өскеменнің «Торпедосын» 3:1 есебімен ұтты

Қарағандының «Сарыарқасы» жанкүйерлерін тамаша жеңіспен қуантты. 9 қазан күні өткен кездесуде қарағандылықтар ел чемпионатының көшбасшысы Өскеменнің «Торпедо» командасын 3:1 есебімен ұтып, турнир кестесінде үздік үштікке енді. Бүгін, 10 қазан күні осы екі команда арасындағы екінші кездесу өтеді.

Сурет “Сарыарқа” хоккей клубы парақшасынан

Ел кубогының финалында қарсыласына жол берген «Сарыарқа» бұл жолы өз айдынында қарымта қайтарды.

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ қарағандылықтар белсенді ойнап, қарсыластың қақпасына үздіксіз шабуыл жасады. Қақпашы Жакен Ибрагимов сенімді ойын көрсетіп, «Торпедоның» бірнеше қауіпті соққысын қайтарды.

Бірінші кезеңнің ортасында Радель Фазлеев есеп ашып, «Сарыарқаны» алға шығарды.

Екінші кезеңде Данила Карабань көпшіліктегі артықшылықты тиімді пайдаланып, есепті еселеді –  2:0.

Үшінші кезеңде өскемендіктер бір шайба соғып, есепті қысқартқанымен, қарағандылықтар берілмеді. Матчтың соңында Сергей Барбашев қарсыластың қақпасына үшінші шайбаны соғып, жеңісті түпкілікті бекітті. Кездесу барысында қақпашы Жакен Ибрагимов 43 соққыны сәтті тойтарып, ойынның басты кейіпкері атанды.

«Сарыарқа» –  «Торпедо» – 3:1 (1:0, 1:0, 1:1)

  • 1:0 –  Радель Фазлеев (Михайлов)
  • 2:0 – Данила Карабань (Сиксна)
  • 2:1 –  Максим Базанов (Тютюньков)
  • 3:1 –  Сергей Барбашев (Михайлов)

Бұл жеңіс «Сарыарқаның» үздік үштікке көтерілуіне мүмкіндік берді.

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button