Қарағанды
Сарыарқа көшесінің жолы уақытша жабылады
Сарыарқа көшесіндегі автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 19 қыркүйекте таңғы сағат 7.00-ден бастап Құрылысшылар даңғылынан Республика даңғылына дейінгі жол учаскесі жабылады.
– Ауа-райы мүмкіндік берсе, жөндеу жұмыстарын бір апта ішінде аяқтауға уәде береміз, – дейді Қарағанды қаласының әкімдігі.
Қоғамдық көлік қозғалысы кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz