Спорт

«Сарыарқа» «Ижстальдi» жеңдi

   Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы сенбі күні Жоғары Хоккей Лигасы тұрақты маусымының кезекті матчында «Ижсталь» командасын ойсырата жеңді. Жанкүйерлер қолдауынан күш алған қарағандылық хоккейшілер қатарынан алғаш болып есеп ашқан Артур Сарваров болды.

Біздің хоккейшілер ойын барысында «Ижсталь» командасының көсіле сілтеулеріне еш мүмкіндік берген жоқ. Бір айта кетері, осы жылы «Сарыарқа» командасы бабында екендігін танытып келеді.

Екінші ойынның 20-сыншы минутында «Сарыарқаның» саңлағы Тигран Манукян мен «Ижсталь» командасының мықтысы Андрей Иванов шайба алмасты. Екінші кезеңде «Ижсталь» командасы шайбаға көп уақыт иелік етіп, жиі шабуылдады. Нәтиже болмады. Қарсыластың шабуылдарына төтеп берген «сарыарқалықтар» қақпа алдынан қаншама шайбаны қайтарды. Жерлес команданың арасында Олег Ломако мықтылық танытып, қонақтардың қақпасына шайба тоғытты. Сөйтіп, алаң иелері шеберлігін пайдалана отырып, бір ұпайды еселеді. Есеп – 3:1. Осылайша, Қарағанды хоккейшілерінің бақтары жанды.

16 қаңтар күні «Сарыарқа» хоккей клубы мен нефтекамскінің «Торос» клубы кездеседі. Өткен жылы аталмыш командаға «Сарыарқа» командасы жол берген болатын. Биылғы маусымда қарсыластарына кеткен есені қайтаратындығына сенімдіміз.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button