Бас тақырыпСпорт

«Сарыарқа» хоккей клубына жаңа директор тағайындалды

Бүгін команда базасында өткен жиында клуб ұжымына жаңа директор – Берік Болатұлы Туямашев ресми түрде таныстырылды. Іс-шараға Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев және Қарағанды облысының хоккей федерациясының президенті Айбек Жұмабеков қатысты. Бұл туралы «Сарыарқа» хоккей клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Жиын барысында басшылық алдағы маусымдағы негізгі міндеттерді атап өтіп, команданың жанкүйер күткен нәтижелерге қол жеткізуі үшін бар жағдай жасалатынын атап өтті.

Берік Болатұлы – спорт саласында тәжірибесі мол, хоккей менеджментін жақсы меңгерген маман.

Білімі:
* 2009–2011 жж. — Қазтұтынуодағы Қарағанды мемлекеттік университеті («Құқықтану»)
* 2011–2013 жж. — Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті («Дене шынықтыру және спорт»)
* 2013 ж. — «Болашақ» бағдарламасымен Ресей Халықаралық Олимпиадалық университеті («Спорттық менеджмент»)
* 2011 ж. — Мәскеуде өткен ТМД жастар күндерінде ҚР БҒМ атынан Қазақстан делегациясын басқарды

Еңбек тәжірибесі:
* 2012–2013 жж. — Астанадағы «Барыс» спорттық-жаттығу кешенінің директоры
* 2014–2015 жж. — құрамында «Астана» хоккей клубы бар «Астана спорт клубы» ЖШС басшысы

Соңғы жылдары Берік Туямашев аймақта бұқаралық спортты дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Енді ол тәжірибесін Қарағандының басты хоккей командасын жаңа биікке шығару жолында жұмсамақ. Сондай-ақ, жаңа басшының осы маусымдағы басты мақсаты – клубтың көптен күткен чемпиондық титулын қайтаруға бар күш-жігерін салу екендігін атап өтті. 

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button