Спорт

«Сарыарқа» былтырғы жетістігін қайталай ала ма?

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы Pro Нokei Ligasy командалары арасындағы өтетін дәстүрлі Қазақстан Кубог турниріне қатысады. 22-31 тамыз аралығында Астана мен Көкшетау қаласында болатын тартысты бәсекеде өткен маусым қорытындысындағы рейтингке сәйкес 11 команда бақ сынайды. Олар А және В тобына бөлініп, айналма жүйе арқылы ойнайды.

 

Биылғы чемпионаттың плей-офф ойындары Көкшетауда өтеді. Ұпай айырмашылығымен үздік шыққан командалар 30-тамызда финал үшін ойын өткізеді.

«А» тобында «Номад», «Бейбарыс», «Ақтөбе», «Құлагер», «Алматы» және «Торпедо» клубы топтасқан. Олар плей-офф кезеңіне дейін Астанада өзара бақ сынасады. Ал, «В» тобында түскен «Сарыарқа», «Арлан», «Хумо», «Горняк» пен «Ертіс» клубы Көкшетауда ойнайды.

24-тамызда қарағандылықтар «Ертіс» клубына қарсы чемпионат аясындағы бірінші ойынын өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы бұл кубокті «Сарыарқа» клубы төбесіне көтерген еді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button