Бас тақырыпСпорт

«Сарыарқа» Атыраудағы тартысты матчта жеңіске жетті

Қазақстан чемпионаты аясында Атырауда жергілікті «Бейбарыс» командасы қарағандылық «Сарыарқаны» қабылдады, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі  Sports.kz– ге сілтеме жасап. 

Сурет www.sports.kz

Кездесуді белсенді бастаған қонақтар 3-минутта Артем Лихотниковтың шайбасымен есеп ашты. Алайда арада санаулы секунд өткенде Анатолий Шишов таразы басын теңестірді. Бірінші кезеңнің ортасында Никита Баженов «Сарыарқаны» қайта алға шығарды.

Екінші кезеңде Тимур Шингареев есепті теңестіргенімен, Данила Карабан қарағандылықтарға тағы да басымдық әкелді. Үшінші кезеңнің соңында «Бейбарыс» көпшілік жағдайда гол соғып, Шингареев дубль жасап, ойынды овертаймға ұластырды.

Қосымша уақытта жеңімпаз анықталмай, буллиттер сериясында «Сарыарқа» хоккейшілері дәлдік танытты. Қорытынды есеп – 4:3.

Бұл жеңістен кейін «Сарыарқа» 65 ұпаймен Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Ал 44 ұпайы бар «Бейбарыс» алтыншы орында.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button