Спорт
“Сарыарқа” алға шықты
22 наурызда Қарағанды қаласында «Сарыарка» мен «Торпедо» командалары арасындағы үшінші матч өтті. Бұған дейінгі екі ойын тең есеппен (1:1) аяқталған болатын.

Ойын қарқынды өтті. Қонақтар алғаш гол соғып, есепті ашты. «Сарыарка» ойыншылары жауап ретінде үш гол соғып, кездесуді 3:2 есебімен жеңді. Голдарды Егор Смольянинов, Александр Борисевич және Евгений Королинский соқты. Қақпашы Данила Кадочников 33 шабуылды тойтарды.
Осы жеңіс арқылы «Сарыарка» серияда 2:1 есебімен алға шықты. Келесі, төртінші жартылай финалдық матч 24 наурызда «Карағанды-Арена» мұз айдынында өтеді.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq,kz



