Жаңалықтар

Сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысты

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіпов қызмет барысымен Приозерск гарнизонында болды. Басты мақсат – аталған әскери ортадағы қызмет етіп жүрген әскери қызметшілердің тыныс-тіршілігін көзбен көру.

Суреттер Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысынан

Асан Қуанышұлы алдымен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлеріне қарасты «Астана» өңірлік қолбасшылығының 06708 бөліміндегі сарбаздардың жаңадан салынған модульдік үй-жайында болып, мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілердің жатын орнын көзбен көрді. Олардың тұрмыстық жағдайларымен танысты.

Сонымен қатар, Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдер мен мекемелерінің жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын көріп, бөлім командирлері мен мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Думан Құрманғалиев, 
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

Басқа материалдар

Back to top button