Жаңалықтар

Сарбаздардың білім сайысы

Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде өзге этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» сайысының екінші кезеңі өтті. Оған Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облысынан жалпы 7 әскери қызметші қатысты.

Сурет ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен

– Биыл өңірлік қолбасшылығының аумағында байқау­дың екінші кезеңі өзгеше онлайн форматта өтуде. Талапқа сай әр қатысушы үш тапсырма орындауы тиіс болған. Қазылар алқасы әр жауынгердің қазақ тілінде қаншалықты емін-еркін сөйлеуі мен сахна мәдениетіне назар аударып, әділ бағалайды, – деді Орталық өңірлік қолбасшылығының тәрбие басқармасының мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі аға офицері, капитан Медет Жексенай.

Алғашқысы «Таныстыру» болса, екіншісі қазақ тілінде өзі білетін мақал-мәтелді жатқа айтып, үшінші айналымда белгілі ақынның бір өлеңін оқыды.

Қазылар алқасы әр қатысушының жеке дайындығын, сөйлеу мәдениетін, ақпаратты толық жеткізе білуін және де қазақ тілінде таза сөйлеуіне мән берді.

Әр жауынгер намысқа тырысып, бірінен-бірі асуға тырысты. Онлайн режимде өтсе де, өнерін паш ету үшін барынша бейнежазбаның дауыс ырғағына дейін шебер жеткізуге барын салды.

Жүлделі III орынды 5516 әскери бөлімінен қатардағы жауынгер Виталий Телятникке (Теміртау қаласы), II орын 6697 әскери бөлімінің ефрейторы Андрейге Застешкоға (Қостанай қаласы) бұйырды. Ал, 5510 әсери бөлімінің сарбазы, ефрейтор Сергей Лукьянов (Көкшетау қаласы) оза шауып, екінші кезеңнін жеңімпазы атанды.

Бұдан бөлек, 6505 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Сергей Ромашев, 6637 әскери бөлімінен аға сержант Дмитрий Буков, 3517 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Евгений Давлетов және 5451 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Владислав Мартын жеке аталым бойынша марапатталды.

Екінші кезеңнің жеңімпазы қыркүйек айында Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы ұйымдастыратын үшінші кезеңде республикалық деңгейде «Орталық» өңірлік қолбасшылығының намысын қорғайды.

Бұған дейін де «Орталық» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы осы сайыстың үшінші кезеңінде жеңіске жеткен. Қарағандылық 6505 әскери бөлімінен кіші сержант Владислав Горизанов, 2023 жылы Қостанайлық 6697 әскери бөлімінің маманы қатардағы жауынгері Кирилл Пономаренко бас жүлде иеленген. 2024 жылғы сәуір айында қатардағы жауынгер Кирилл Пономаренконы мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі «Шапағат» медалімен марапаттаған еді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button