Сарбаздар ұлт ұстазының ағартушылық жолымен танысты
Қазақ халқының ұлы ағартушысы, әдебиет пен ғылымның ірі қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілері үшін танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Ж. Бектұров атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері арнайы шақырылып, олар Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы кең көлемде әңгімелеп берді. Кітапхана мамандары ғалымның қазақ тіл білімін қалыптастырудағы рөліне, әдеби-ағартушылық еңбектеріне және ұлт тәуелсіздігі жолындағы қайраткерлік қызметіне тоқталды.
Ұландықтар Ахмет Байтұрсынұлының тағылымды мұрасымен тереңірек танысып, оның шығармашылығы арқылы ұлттық рух пен елге қызмет етудің асқақ үлгісін көре алды.
Мұндай іс-шаралар әскери қызметшілердің тарихи санасын кеңейтіп қана қоймай, олардың патриоттық сезімін арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен септігін тигізеді.\
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ баспасөз қызметі