Жаңалықтар
«Сарбаз боламын мен ертең»
Облыстық Жастар ресурстық орталығы мен «AMANAT» партиясының Жастар Рухы жастар қанатының облыстық филиалы бірлесе «Әскери қызметтің бір күні» медиа-жобасын ұйымдастырды. Ұлттық ұлан 6505 әскери бөлімінде өткен жобаға өңірден 10 белсенді жас қатысты.
Аталмыш шара жастар арасында әскери қызметті насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Қатысушылар үшін әскери бөлімде бір күн бойы экскурсия өтті. Сонымен қатар, әскердегі тағамдардан дәм татып, сарбаздардың бір күнімен танысты. Әрі Отан қорғаудың маңыздылығы тақырыбында арнайы дәріс өтті. Әрі қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып,мардымды жауап та ала алды.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар тарту етілді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz