Ресми

Сарапшы сайлаудың маңыздылығын атап өтті

«AMANAT партиясының қоғамдық саясат институты» ЖМ бас сарапшысы Ерлан Ахмеди сайлау науқаны Қасым-Жомарт Тоқаевтың демократиялық реформалары аясында өтіп жатқанын баса айтты.

Сурет: Ашық дереккөз

– Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тікелей сайлау Мемлекет басшысының соңғы төрт жыл бойы жүргізіп келе жатқан саяси реформалардың құрамдас бөлігі болып табылады. Тікелей сайлау институтын басқа өзгерістермен – жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін күшейту, облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар әкімдерін жанама сайлау және бірлесіп қарау керек, – деді Ерлан Ахмеди.

Ол сайлауды енгізуге аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жөніндегі жобаны табысты іске асыру ықпал еткенін айтып өтті. Сайлау азаматтардың өз елді мекендерінің дамуына тікелей ықпал ету мүмкіндіктерін кеңейтті. Ерлан Ахмедидің айтуынша, сайлау Мемлекеттік басқару жүйесінің жұмыс істеуінің жаңа ұзақ мерзімді қағидаттарын қалыптастырады, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастардың сипатын өзгертеді. Сайлау маңызды саяси плюрализм жағдайында өтіп жатқанын ұмытпауымыз керек, енді сайлаушылар партияларға да, өзін-өзі ұсынған нақты кандидаттарға да дауыс бере алады.

Еліміз бойынша сайлауға 164 үміткер тіркелген. Оның ішінде 42% немесе 69 кандидатты саяси партиялар ұсынса, 57,92% немесе 95 кандидат өзін-өзі ұсынған.

Ұсыну барысында тіркелген барлық жеті саяси партия: AMANAT, “Ауыл”, “Ақ жол”, “Respublica”, ҚКП, ЖСДП және “Baytaq” белсенділік танытқан. Үміткерлердің үштен екісіне жуығы өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған. Ерлан Ахмедидің пікірінше бұл азаматтық қоғамның белсенділігін көрсетеді және әртүрлі идеялар мен көзқарастарды кеңінен талқылауға ықпал етеді.

Бұл сайлау науқаны билік институттарын демократияландыру процесінде және жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруда тағы бір маңызды қадам болмақ, – деп түйіндеді сөзін сарапшы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button