АймақЖаңалықтар

«Сарантеплосервис» ЖШС-і 500 мың теңге айыппұл арқалады

12-24 маусым аралығында Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің мамандары «Сарантеплосервис» ЖШС-не қарасты қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін компанияға 500 мың теңге айыппұл салынды.

Сурет: Экология департаментінен

Жоспардан тыс тексеруді бастауға тұрғындардың қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрттің жиілеп кетуіне қатысты талап-арызы себеп болған.

Тексеру қорытындысы бойынша заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, ҚР ӘҚБтК-нің 327-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жаза тағайындалды. Бұл ретте Қарағанды облысы бойынша экология департаменті қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін, табиғатты қорғау заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін еске салады, – деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің мамандары.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button