АймақСаран

Саранның сарабдал үлгісімен…

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің міндеті отандық тауар өндірісін ұлғайту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау қажеттігін ұдайы назарында ұстайды. Мәселен, Қарағанды облысында «Сарыарқа» арнайы экономикалық және Saran индустриялық аймағы аумағында бірқатар өркенді өнеркәсіптік жобалар іске асырылуда. Ірі кәсіпорындар іске қосылды. Мұндай заманауи өндірісті алаңдар шетелдік компаниялардың релаксация алаңы бола алады және болуы керектігін Мемлекет басшысы облысқа жасаған сапарында мәлімдеген еді. Тек тиісті шарттар қажет. Осыған орай, Премьер-Министр Саран үлгісімен республиканың басқа моноқалаларында индустриялық аймақтар құруды тапсырды.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі моноқалаларды дамыту перспективалары қарастырылды.

Үкімет отырысында моноқалалардың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту барысы туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев баяндады. Оның айтуынша, Степногорск жылу электр орталығын жөндеу­-қалпына келтіру және Балқаш жылу электр орталығын жаңғырту жұмыс­тары іске асыру кезеңінде тұр. Сондай-ақ, Степногорск, Риддер, Теміртау, Шахтинск, Рудный, Екібастұз, Кентау қалаларында 28 қазандық пен 11 турбинаны жөндеу және реконструкция­лау жоспарланған. 11 қаланы газбен жабдықтау бойынша жұмыс жалғасуда, бұл келешекте 600 мыңға жуық тұрғынды көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Саран қаласында елдімекеннің дамуына жаңа серпін беруге мүмкіндік беретін индустриялық аймақ құру нәтижелері туралы баяндады. Жыл соңына дейін Хромтау, Сәтбаев, Балқаш және Құлсары қалаларында осындай индус­триялық аймақтар құру тапсырылды. Келешекте бұл тәжірибені басқа моноқалаларға да тарату керек. Бұл орайда Премьер-Министр Олжас Бектенов Қарағанды облысында Saran индустриялық аймағын құруды өзге өңірлерге үлгі ретінде келтірді. Үкімет басшысы еліміздің моноқалаларын дамыту үшін осы тәжірибені айғақты мысал ретінде ұстануды тапсырды.

– Өнеркәсіп министрлігі Ақтөбе, Атырау және Қарағанды облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, жыл соңына дейін Хромтау, Сәтбаев, Балқаш және Құлсары моноқалаларында Саран қаласының үлгісі бойынша индустриялық аймақтар құруы қажет. Болашақта бұл тәжірибені басқа моноқалаларға да енгізу маңызды, – деді Олжас Бектенов.

Моноқалаларда шағын және орта бизнесті дамыту жұмыспен қамтудың қала құраушы кәсіпорындарға тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді, деп атап өтті Премьер-Министр. Бұл экономиканы әртараптандыруды ынталандырады және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.

Естеріңізге сала кетейік, Saran индус­триялық аймағы Қарағанды облысында 2021 жылы бұрынғы «РТИ» зауытының өнеркәсіптік алаңында құрылған болатын. Аталған шешім моноқаланы дамыту және облыс экономикасын әртараптандыру үшін өсу нүктесіне айналды. Қазірдің өзінде оның аумағында бірқатар ірі жобалар: автобус, шина зауыттары және тұрмыс­тық техника өндірісі іске қосылды. Металлургия саласында жаңа жобалар бар.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button