Сарандағы сайлау науқаны
Саран қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты 1 қалалық және 20 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істеді. Сайлаушылар тізіміне Саран қаласы мен Ақтас кентінің азаматтары енгізілген. Барлық сайлау учаскелері қажетті заттармен жабдықталған.
Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де барлық жағдай жасалған.20 қарашада сағат 18.00 кезінде Саран аумағы сайлаушылардың 80,9 пайызы сайлау бюллетеньдерін алып, өз сайлау құқықтарын жүзеге асырды.
Ержан ИМАШ
САРАН