АймақСаран

Сарандағы футбол фестивалі

Бүгін Саран қаласының “Сұңқар” стадионында мектеп оқушыларының футбол фестивалі өтті. Оны республикалық “Фридом кидж” лигасы ұйымдастырып, оған қала мектептерінің 6 футбол командасы қатысты.

Суреттер автордан

Таңертеңнен түске дейін созылған бұл доп додасында жеңімпаздар анықталып, бірінші орынды осындағы олимпиадалық резерв мектебінің командасы алса, екінші орынға “2 жолдас” олимпиадалық резерв мектебінің, үшінші орынға “Торпедо” командалары ие болды.

Футбол фестивалінің соңында ұйымдастырушылар осы бәсекеге қатысқан командалардың барлық жас ойыншыларына тәтті-дәмді сыйлықтар үлестірді.

– Бұл футбол фестивалі елімізде осы спорт түрін кеңінен насихаттап, дамытуды көздейді, – дейді жарыстың бас төрешісі Мансур Сайдуллаев. – Осы бүгін стадионда доп тепкен балалардың арасынан болашақ Мессилер мен Рональдинолар шықпасына кім кепіл?!

Ержан ИМАШ,
САРАН

Басқа материалдар

Back to top button