Бас тақырыпРесми

Саранда Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті

Саран қаласының Мәдениет үйінде облыстық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының ұйымдастыруымен қоғам өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Сурет referendum2026.kz

Іс-шараға Саран қалалық мәслихатының төрағасы О. Баймағанбетов, Ақсақалдар кеңесі мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Кездесуде спикерлер ретінде Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты А. Әлімжанов және ҚММУ-дың жастармен жұмыс жөніндегі бас маманы, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, «Дакия» румын мәдени қоғамы» ҚБ жастар қанатының жетекшісі А. Урмашов сөз сөйледі.

Жиын барысында Конституцияға енгізу ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен ақпарат беріліп, олардың негізгі мақсаттары мен жүзеге асыру тетіктері түсіндірілді. Спикерлер ұсынылып отырған реформалардың басты басымдығы – адам, оның қадір-қасиеті, қауіпсіздігі және жан-жақты дамуына жағдай жасау екенін атап өтті.

Сонымен қатар құқықтық мемлекеттің негіздерін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейту, әлеуметтік саясатты жетілдіру, тарихи-мәдени мұраны және қоғамның рухани құндылықтарын сақтау бағытындағы бастамаларға ерекше назар аударылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз пікірлерін ортаға салды. Талқылау барысында вице-президент институтын енгізу, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін дамыту, отбасы құндылықтарын нығайту, экологиялық жауапкершілік, сондай-ақ тілдердің дамуы мен қолданылуы мәселелері қозғалды.

Спикерлер алдағы конституциялық өзгерістердің табысты жүзеге асуы азаматтардың белсенді азаматтық ұстанымына тікелей байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ референдумға саналы түрде қатысу – ел болашағына деген жауапкершіліктің маңызды көрінісі екені айтылды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button