Бас тақырып

Саран жылу жүйесіне қайта қосылды

Осыдан бірнеше апта бұрын Сарандағы қазандық іске қосылғаннан кейін ақауларға байланысты дұрыс жұмыс істемей жұмысын тоқтатқан еді. Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев мәселені өз назарына алып, жауаптыларға тиісті тапсырма берген болатын. Нәтижесінде, қала қайтадан резервтік жылу жүйесіне қосылды. Қазандықтар қажетті отын қоры және жұмысшылармен қамтамасыз етілді.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Өңір басшысы:

– Тұрғындарының наразылығын түсінемін. Жағдай тұрақтанғаннан кейін міндетті түрде жауаптылардың жұмысын талқыға салып, тиісті шара қолданатын боламыз, – деді аппарат жиынында.

Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қаланы жылумен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

– Барлық үй резервтік жылумен жабдықтау жүйесіне қайта қосылған. Барлық жергілікті жылу көздері іске қосылды. Бір орам жұмыс істеп тұрған қазандыққа қайта қосылды. Барлық жылу көздерінде қажетті отын қоры бар. Қосымша көмір тасымалдау қамтамасыз етілді. Қазандықтарда жұмысшылар да жеткілікті. Орталық жылу көзін пайдалануға бергенге дейін қаланы жылумен жабдықтау резервтік жүйе арқылы қамтамасыз етілетін болады, – деді.

Айта кетейік, қазан айында Саран тұрғындарына жылумен жабдықтау үшін қайта есептеу жүргізіледі.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button