Саран мектебінде «Жас сақшы» сыныбы ашылды
Саран қаласындағы №7 мектеп-интернатта «Заң және тәртіп» идеологиясы мен «Адал азамат» тәрбие жұмысы бағдарламасы аясында жаңа «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Биыл полиция департаменті білім басқармасымен бірлесіп пилоттық жобаны Қарағанды облысының алты мектебінде жүзеге асырды.

Оқушылардың құқықтық мәдениетін, патриотизмін және заңға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған.
Сыныптар Қарағандыда (№34 және №17 мектептерде), Балқашта (Б. Момышұлы атындағы мектеп), Теміртауда (№17 мектеп), Приозерскте (№1 мектеп) және Саранда (№7 мектеп-интернат) ашылды. Жобаға барлығы 134 оқушы қатысуда.
Білім басқармасының балалардың құқығын қорғау бөлімінің бас маманы Данияр Тоқмағамбетовтың айтуынша, мұндай сыныптар ұстаздар, ата-аналар және құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысына арналған алаңға айналады.
– Мұнда профилактикалық іс-шаралар, кәсіби бағдар беру сабақтары өткізіліп, құқықтық тәртіп негіздері үйретіледі, – деп түсіндірді Данияр Тоқмағамбетов.
Аяулым СОВЕТ