Жаңалықтар

Саран автошина өндіру зауыты жұмысқа қызметкерлер қабылдайды

Құрметті Саран қаласының және Қарағанды облысының тұрғындары!

Ағымдағы жылы Саран қаласында “Татнефть” ЖАҚ көп бейінді кәсіпорындары базасында “Kama Tyres KZ” ЖШС автомобиль шиналарын өндіру зауытының құрылысын бастау жоспарланған.

Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы жаңа зауытта жұмыс іздеуші азаматтардың түйіндемелерін қабылдауды бастады.

Бірінші кезең “Татнефть” ЖАҚ кәсіпорындары базасында 190 үміткерді сұранысқа ие мамандықтарға оқыту болады.

Іс-шара 2021 жылдың наурызына Нижнекамск қаласында (Татарстан) “Kama tyres KZ” ЖШС жол жүру, тұру, тамақтану ақысын төлеумен тегін негізде жоспарланған.

Оқу мерзімі – 6 айға дейін.

Саран қаласы, Ленин даңғылы, 11 мекенжайы бойынша сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуге шақырамыз.

Түйіндемені Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының электронды мекенжайына жіберуге болады cz-saran@mail.ru немесе “Татнефть” ЖАҚ кадр қызметінің электрондық мекенжайы BukhminPN@tatneft.ru, сондай-ақ WhatsApp-та төменде көрсетілген ұялы телефон нөмірлері бойынша.

Қосымша ақпарат келесі телефондар бойынша: (8-72137) 7-48-07, 8-707-981-82-78, 8-775-981-82-78, 8-700-302-71-75, 8-775-573-89-01.

Басқа материалдар

Back to top button