Ресми

Саран қаласына жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Саран қаласының әкімі лауазымына Еркін Баулықов тағайындалды.

Жаңа қала басшысын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында таныстырды.

Депутаттар кандидатураны мақұлдады.

Облыс әкімінің орынбасары қаланы дамытудың басым бағыттарын белгілеп, Саранның жаңа басшысының алдына міндеттер қойды.

Еркін Баулықов 2016 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Сондай-ақ, елордада ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінде еңбек етті. Содан кейін Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқарды.

2021 жылғы желтоқсаннан бастап осы тағайындауға дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button