Білім

Сапалы білім – болашақ кепілі

Ұстаздық жолда жүрген əр мұғалімнің басты мақсаты – оқушыларға саналы тəрбие мен сапалы білім беру. Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту мақсатында PISA Халықаралық зерттеу бағдарламасының стратегияларын қолдану тиімділігін арттыруда гимназияда жұмыс жүрді. 50 оқушы оқу жəне математика сауаттылығы, жаратылыстану сауаттылығынан PISA тестін тапсырды.

Сурет: ашық дереккөз

Мектеп деңгейін жақсарту жəне салыстыру мақсатында өткен PISA зерттеу тестінде гимназия оқушылары жақсы көрсеткіш көрсетті. PISA сауалнамасына қатысқан оқушыларға мектеп туралы бірнеше сұрақтар қойылды. Соның ішінде сабақ барысындағы тəртіптік ахуал туралы жинақталған мəліметтер де болды. PISA зерттеуінің нəтижелері қолайлы оқу ортасы əрқашан оқушылардың нəтижелерімен тығыз байланысты екенін зерделеп, саралап берді.

Сыныпта жақсы тəртіп, ал, оқушылар мен мұғалімдердің арасында өзара қолдауға негізделген достық қарым-қатынастар орнатылса, оқушылар нəтиже көрсетеді. Оқушылар PISA тапсырмаларын қолдана отырып, өз бетінше жұмыс жүргізуге, белсенді оқыту стратегиясын пайдаланып, функционалдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктері жоғары екенін, білімдерін өмірде қолдану дағдыларын дамытуға жол көрсететінін түсінді. Оқушылардың сабаққа қатысуын жəне мектепке көзқарасын зерттеу жұмыстарында олардың оқуға деген мотивациясы, өз күшіне сенімділігі, сонымен қатар, оқу процесіне, оқу ортасы жəне құрдастарымен қарым-қатынастары туралы көзқарастары жоғары нəтиже көрсеткені де мұғалімдер үшін үлкен жетістік.

Сондай-ақ, PISA зерттеу тестінде оқушыларға психологиялық қарым-қатынас туралы тапсырмалар берілді.

Білім мен тəрбиені оқушы бойына дарыта отырып, тəрбиелеп отырған жас ұрпақтың бойындағы адамгершілік игі қасиеттерін көрсете алуда мұғалім еңбегі орасан.

Гүлнара УАТАЕВА,
Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button