“Сантехпром” кәсіпорнының ұжымы Жаңа Конституцияны қолдайды
Халық Конституциясын қолдауға арналған облыстық жалпыұлттық коалиция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Александр Бочаровтың қатысуымен “Сантехпром” кәсіпорнының ұжымымен кездесу өтті.

Кездесу барысында Жаңа Конституцияның негізгі және маңызды ережелері талқыланды. Негізгі басымдықтар ретінде адам капиталына инвестиция жасау, мемлекеттің құндылықтық негізі, ұлттық бірегейлік пен егемендік мәселелері атап өтілді.
Қатысушылар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, сондай-ақ сапалы медициналық қызмет алу құқығы жөніндегі мәселелерге ерекше қызығушылық танытты.
Сонымен қатар Конституциядағы неке мен отбасы ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде айқындалатын жаңа нормаға ерекше назар аударылды. Бұл шешім дәстүрлі құндылықтарды жоғары құқықтық деңгейде қорғауға және әйелдердің құқықтарын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.
Кездесу барысында Жаңа Конституцияның негізгі бөлімдері мен преамбуласы жан-жақты талқыланып, қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Ең бастысы, жиынға қатысушылардың барлығы Жаңа Конституцияны қолдайтынын білдіріп, оның маңыздылығы мен дер кезінде қабылданғанын атап өтті.
Аймақта облыстық жалпыұлттық коалицияның жұмысы жалғасуда.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



