Жаңалықтар

Сана мен рухты серпілтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің алдағы даму бағытын айқындай түсті. Ой көзімен қарап отырсақ, Президент бұған дейін де бастап жіберген сайлауалды бағдарламасындағы мәселелерге кеңірек тоқталып, ауқымдырақ бағдарлағанын байқаймыз.

Солардың арасында халықтың рухын өсіретін мәдениет саласы да назардан тыс қалмады. Бұл осы күнге дейін шешімін таппай жүрген мәселенің бірі еді. Аталған сала қызметкерлері қолдауға зәру екендігін тап басып, баса мән бергені – халықтың рухын, сана-сезімін көтеруге құйылған қаражат деп таныған жөн сияқты. Оны Президенттің мына сөздерінен тануға болады:

«Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз.

Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе.

Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ.

Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды.

Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде.

Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс.

Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек».

Бұған қоса, әл-Фараби мен Абай мерейтойларын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы Жарлыққа қол қойылғанын атап өтуіміз керек және олар – рухани жаңғыруымыздың кепілі.

Бақытқали МҰСАБЕКОВ,

«Рухани жаңғыру»

жобалық кеңсесінің

Қарағанды облысы бойынша

бас менеджері.

Басқа материалдар

Back to top button