Жаңалықтар

Самарқанд су қоймасының суы санитарлық нормаларға сай

Осыдан бір апта бұрын облыстың экология департаменті Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы, Теміртау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және облыстың аумақтық орман шаруашылығы инспекциясымен бірлесе Самарқанд су қоймасынан су сынамасын алған болатын. Бүгінде сынама қорытындысы шығып, Самарқанд су қоймасының суы санитарлық талаптарға сай келетіні анықталған.

 

 

Алынған су сынамаларына облыстың экология департаментінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің мамандары сараптама жасаған болатын. Талдау нәтижелері бойынша аммоний ионының, нитриттің, нитраттың, еріген оттегінің анықталған көрсеткіштері шекті рұқсат етілген концентрация нормаларына сәйкестігі анықталды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button