Жаңалықтар

«Салют» – шаттық ордасы

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім және әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балалары жылда сауықтыру демалысымен қамтамасыз етіледі. Бұқар жырау ауданының Асыл кентінде орналасқан «Салют» балаларды сауықтыру орталығында оқушылардың демалысын ұйымдастыру белсенді жүргізілді.

Жалпы, лагерь – демалыс уақытындағы балалардың жаз айын көңілді өткізуіне мүмкіндік жасайды.

Биыл орталықта 5 ауысым бойынша 2000-ға жуық бала демалды. Жақында 200- ден астам балалар V ауысымға (1 маусым – 12 күн) «Салют» орталығына демалысқа жіберілді. Балаларға қызықты ойындар, танымдық бағдарлама, оның ішінде байқаулар, мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қазіргі заманға сай жүзу бассейні орналасты. Балалардың қызығушылықтарын қолдау мақсатында әртүрлі үйірмелер, спорттық алаңдар жұмыс істеді. Лагерде балалар күн сайын көкөністермен және жемістермен байытылған тағаммен 6 мезгіл тамақтанды.

Балалар өздерінің шығармашылық қабілетін жетілдіріп әрі дамыта алуы үшін хореографиялық, музыкалық, вокалдық студиялар және бейнелеу студиясында жұмыс жасады.

«Үміт» қоғамдық бірлестігі және нашақорлықтың алдын-алу мақсатында балалар үшін әр ауысымда қауіпсіздік негіздері бойынша курстар өтті.

Балалар спорттық алаңдарда тәжірибелі нұсқаушының жетекшілігімен футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисін, сондай-ақ, әскери қолданбалы және спорттық сауықтыру бағыты бойынша жаттықты. Десек те, жазғы лагерь уақыты аяқталуға жақын. Балалар оқу жылына дайындыққа кіріседі. Лагерь жұмысы келесі жылы жалғасын табады.

Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button