Бас тақырыпБасты тақырып

Салық берешегін қайдан анықтаймыз?

Кейде уақыттың тығыздығынан немесе өзге де бірқатар себептермен салық берешегі пайда болып жатады. Ондай жағдайға тап болмас үшін,  облыс бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті салық берешегін жылдам әрі оңай анықтаудың жолдарын ұсынады.

Сурет entities/kgd-vko/press

Ыңғайлы және жылдам бірнеше тәсіл бар. Алғашқысы, Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы (kgd.gov.kz). «Электрондық сервистер» бөліміне кіріп, «Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» қосымша бетін таңдасаңыз, жеткілікті. Веб-сервис тілі қарапайым әрі ұғынықты. Ендігісі, E-SalykAzamat мобильді қосымшасы. Оны қалта телефоныңыздағы App Store немесе PlayMarket-тен жүктеп ала аласыз. Осылайша, сіздің салық web-кеңсеңіз әрдайым көз алдыңызда болады. Telegram-дағы SalyqBot-қа келелік. Егер сіз Telegram-ды жиірек қолдансаңыз, бұл бот қажетті ақпаратты тез арада алуға септеседі. Және соңғысы – Egov.kz электрондық үкімет порталы. Мемлекеттік қызметтерді алуға арналған ең танымал ресурстардың бірі.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,

«Оrtalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button