Рухани жаңғыруСәтбаев

Салтанаты артқан саябақ

Қазір қалалық саябақта қайта құру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Келешекте ол қала тұрғындары мен қонақтары тынығатын мәдени орын ғана емес, Ұлытау көшесінің бойына осыған дейін орнатылған «Керуен» композициясының жарасымды жалғасы болмақ.

– Қаламызда аймақ халқы, әсіресе, жас буынға өңіріміздің тарихынан сыр шертіп, маңызды тарихи оқиғалармен, даңқты тұлғалармен таныстыратын, жастарымыздың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал ететін арнайы нысанның қажеттілігі туралы біраздан бері ойланып жүрген едім. Ол нысан сонымен бірге коммуникациялық технологиялар дамып, әлеуметтік желі ақпараттық кеңістіктің алдыңғы шебіне шыққан бүгінгі уақытта жастарымызға тамаша локация қызметін де атқаруы тиіс.

Өлке тарихынан сыр шертіп, өткенге саяхат жасауға мүмкіндік беретін ұлттық тарихи саябақ ашу туралы шешім қабылдағанына көп болған жоқ. Мұнда осы өңірде орналасқан тарихи орындар мен жәдігерлердің (Алашахан, Жошыхан, Домбауыл, Болған ана кесенелері, Хан ордасы, Аяққамыр секілді тарихи орындар) шағын макеттері, аумаққа белгілі «Төрт босаға» атанған төрт биіміздің барельефі бой көтермек. Келушілерге экскурсовод өңірдің тарихын баяндайтын болады.

Жобаны бастамас бұрын қаланың ақсақалдар алқасы, қоғамдық кеңесі мүшелерімен ақылдасып, қолдауын алдық. Ел ағаларының тарапынан пайдалы ұсыныстар айтылып, жоба мазмұны байи түсті. Бүгінде саябақта негізгі қабырға қаланып, Самарқаннан әкелінген кірпішпен қапталып жатыр, – дейді қала басшысы Асқар Ыдырысов.

Әлібек ӘБДІРАШ,

СӘТБАЕВ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button