АймақҚарағанды

Салт-дәстүр күніне орай көрме өтті

Былтырғы жылдан бастап Мәдениет және ақпарат министрлігі Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа форматта тұжырымдамасын жариялаған болатын. Енді жыл сайын қазақстандықтар 14 – 23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігін өткізуге ниетті. Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес, бүгін, 17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аталып өтуде.

Сурет ұйымдастырушылардан

Ұлттық салт-дәстүр күніне орай Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасында  «Бақ-берекем, құт-мерекем, әз Наурыз!» атты кітап көрмесі өтті. 

Көрмеге наурыз мерекесінің шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамы туралы кітаптар ұсынылды.

Сондай-ақ, «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Наурызнама», «Қазақ халқының дәстүрлері той-мереке, сауық-сайран», «Ұлттық ойын тамашалары», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Қазақтың киіз үйі», «Жеті қазына» т.б кітаптарында табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да жаңаруы туралы және адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жаратыны жайлы да көрме барысында айтылды. Оқырман назарына ұсынылған кітаптар мен баспасөз бетіндегі мол мағлұматтар қазақ халқының мәдениеті мен этнографиясын танып білгісі келетін әр оқырман үшін пайдасы мен берері мол мұра болды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button