Аймақ

Сайыпқыран сарбаздар сайысы

  Бүгін Топар кентінің “Энергетик” Мәдениет үйінің директоры Әдемі Әбдиеваның ұйымдастыруымен осында Отан қорғаушылар күніне байланысты сайыс өткізілді.

Сайысқа құрамында үш-үштен адамы бар ақсақалдар мен жастар командалары қатысып, 6 түрлі сынақ бойынша өзара жарысты. Яғни олар автомат жинау,медсанитарлық көмек, садақ ату, түйме қадау, зияткерлік, әскери ас қамдау бойынша бойынша біліктіліктерін көрсетті. Жеңісті қолдан бергісі келмей, бар күштерін салып, бірінен бірі алма-кезек үстем болып отырды. Мәселен, ақсақалдар жағы түймені орнына тез , қатесіз қадай қойса,жастар тобы автоматты заматта жинап үлгерді.Осылай тартысты өткен бәсекеде ақсақалдар командасы алға шығып,барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар берілді.

   Сайыс арасында кітапхана кызметкері Төлтай Әділбекова конкурсқа қатысушылар арасында  тапқырлық ойнын ойнатса,Топар ГРЭС-ндегі күзет жасағының қызметшісі Санат Ибраев ән шырқап,бұл шара өте әсерлі болды.

Ержан ИМАШ,

Абай ауданы

Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Back to top button