Ресми

«Сайлаушылардың саяси белсенділігі қуантады»

AMANAT партиясы Қарағанды облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бекзат Алтынбеков осылай дейді.

Облыс орталығындағы №17 сайлау учаскесінде дауыс берген Бекзат Қомарұлы газет тілшісімен бүгінгі сайлаудың тарихи маңызы жайында ой бөліскен еді.

Мен бүгінгі сайлауда қарапайым халық арасында сайлау мәдениетінің қалыптаса бастағанын аңғардым. Белсенділік өте жоғары. Бұл дегеніңіз әрбір азамат елдің ертеңіне бейжай қарамайды деген сөз. Әрбір қазақстандық өзі берген даусының тарихи жауапкершілігін сезіне алатындай сергектік танытуда.

Жалпы, бұл сайлау Қазақстанның даму жылнамасындағы тарихи сайлау. Ұлы өзгеріс, жаңа дәуірмен бетпе-бет келіп тұрған мемлекетіміздің тағдыры тарих таразысында тұр. Тіпті, сайлау қарсаңында бірнеше саяси күштердің бірігіп, ортақ мақсатқа халықтық коалиция төңірегіне жұмылуының өзі бүгінгі сайлаудың тарихи мәнін танытса керек. Бүгінгі сайлаудағы халықтың саяси белсенділігі арқылы біз қуанып, сайлау алдындағы жұмыстарымыздың нәтижесін көріп отырмыз, деді Бекзат Алтынбеков.

Сондай-ақ, ол бұл сайлаудағы бірінші жеңіс халықтың ауызбірлігіне тиесілі екендігін ерекше атап өтті.

Басқа материалдар

Back to top button