АймақҚарқаралы

Халықтың белсенділігі жоғары

Еліміздің болашағын айқындайтын бас құжат – Ата заңымызды қабылдау мақсатында өткізіліп жатқан референдумға облыстың шығысында орналасқан Қарқаралы ауданының тұрғындары да белсенділікпен қатысуда.

Суреттер автордан

– Өңірде бір аумақтық және 51 учаскелік комиссия жұмыс істеп жатыр. Ауданда референдумда дауыс беру құқығы бар 18423 адам тұрады. Референдум учаскелерінде тұрғындар жақсы көңіл-күймен қатысуда. Таңертеңгі 10.00-ге дейін сайлаушылардың 31,69 пайызы, яғни 5828 адам өз таңдауларын жасап үлгерді.

Егіндібұлақ аулындағы №472 учаскесінде алғашқылардың бірі болып 86 жастағы Сембек Рамазанов ақсақал дауыс берді. Сондай-ақ, аталған референдум учаскесіне таяуда ғана 18 жасқа толған Ерасыл Әнуарбеков есімді бозбала тұңғыш рет дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Комиссия мүшелері референдумды ұйымдастырушылар тарапынан кішігірім естелік сыйлықтар – кітаптар тарту етті, – дейді Қарқаралы аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Сламиден Қамашұлы Нұркенов.

Ермек БАЛТАШҰЛЫ
СУРЕТТЕРДЕ: Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясын қабылдауға байланысты Қарқаралы ауданында өтіп жатқан референдум барысынан көріністер.    

Басқа материалдар

Back to top button