Ресми

Сайлауды бақылағысы келетіндердің қатары көп

Қарағанды қаласының ортасындағы Кеншілер мәдениет сарайында  орналасқан №17 сайлау учаскесінде 2250 сайлаушы болса, олардың жас ерекшелігі 18-ден 100 жасты қамтиды. Дауыс беруге келген сайлаушылардың үлесі сағат 14.30 минутта пайызға шаққанда 30-40 пайыз шамасында. Бұл туралы сайлау учаскесінің төрағасы Олег Валецкий айтты.

The Kazakh flag and the hand with the bulletin about the ballot box

– Біз сайлаушыларды жасына қарай бөле жарған жоқпыз. Барлық сайлаушылар тең құқыққа ие. Осы уақытқа дейін таңғы сағат 7.00-ден бастап, сайлаушылардың 30-40 пайызы дауыс беріп үлгерді.

Нақты қанша пайыз сайлаушылар дауыс береді деп болжам жасау  қиын, біз статистика емеспіз. Алайда, меніңше, 70 пайыздың шамасында болуы тиіс.

Індет сайлауды күрделендіргені рас. Бақылаушылар қатары мол. Біз 10-нан артық адамды отырғыза алмаймыз. Сайлауды бақылағысы келетіндер  көп. Тіпті, кезекке де тұрады. Мұның сыртында, санитарлық талаптарды қатаң сақтау секілді індет тудырған қиындықтар қосымша күшті талап етеді, – дейді төраға.

Сайлау учаскесінде сайлаушыларға арналған 5 кабина бар. Мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар үшін арнайы бұрыш пен кабина жұмыс істеп тұр. Бақылаушылар тарапынан әзірге ешбір ескерту орын алған жоқ.

Қызғалдақ АЙТЖАН.

Басқа материалдар

Back to top button