Ресми

ҚР ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі VII шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауының алдын ала қорытындылары туралы ақпараттық хабар таратты.


Орталық сайлау комиссиясына алдын ала электрондық түрде ұсынылған облыстық, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес «Қазақстан Халық партиясы», «Nur Otan» партиясы, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы», «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы», «ADAL» саяси партиясы ұсынған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында сайлаушылар дауыстары, өңірлер бойынша келесідей бөлінді:

Өңірлер ҚХП Nur Otan Ауыл Ақ жол ADAL
Акмола облысы 10,94 % 76,49 % 2,07 % 9,20 % 1,30 %
Ақтөбе облысы 16,64 % 64,84 % 1,82 % 12,60 % 4,10 %
Алматы облысы 4,67 % 72,41 % 6,09 % 11,62 % 5,21 %
Атырау облысы 14,72 % 64,28 % 5,04 % 11,58 % 4,38 %
Батыс Қазақстан облысы 15,04 % 62,57 % 6,95 % 14,37 % 1,07 %
Жамбыл облысы 6,52 % 79,54 % 2,89 % 8,03 % 3,03 %
Қарағанды облысы 10,61 % 76,13 % 1,92 % 9,80 % 1,53 %
Қостанай облысы 5,92 % 78,47 % 4,35 % 9,78 % 1,48 %
Қызылорда облысы 3,84 % 74,46 % 8,70 % 9,40 % 3,60 %
Маңғыстау облысы 11,67 % 58,72 % 8,51 % 14,30 % 6,80 %
Павлодар облысы 11,63 % 72,22 % 2,63 % 12,08 % 1,44 %
Солтүстік Қазақстан облысы 12,51 % 73,31 % 2,73 % 10,14 % 1,31 %
Түркістан облысы 3,75 % 74,43 % 6,57 % 10,21 % 5,04 %
Шығыс Қазақстан облысы 11,56 % 71,04 % 3,75 % 10,09 % 3,56 %
Нұр-Сұлтан қаласы 13,21 % 59,23 % 7,41 % 15,24 % 4,91 %
Алматы қаласы 13,49 % 55,54 % 9,90 % 15,21 % 5,86 %
Шымкент қаласы 6,44 % 67,50 % 12,94 % 8,28 % 4,84 %

Осылайша, алдын ала нәтижелерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында сайлаушылар дауыстары былайша бөлінді:
«Nur Otan» партиясына – 71,09 %;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына – 10,95 %;
«Қазақстан Халық партиясына» – 9,10 %;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 5,29 %;
«ADAL» саяси партиясына – 3,57 %.

Басқа материалдар

Back to top button