Ресми

Сайлаудан ешкім қалыс қалмайды

Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі №87 сайлау учаскесінде 14 бақылаушы және сенімді өкілдер сайлаудың әділ өтуін қадағалауда.

Жалпы, учаскеде 2130 сайлаушы тіркелсе, таңғы сағат онға дейін 71 адам дауыс берді. Санитарлық талаптар қатаң сақталған бұл сайлау учаскесінде масканы дұрыс тағу жағы ескеріліп, температура өлшенгеннен кейін ғана сайлаушылар ішке жіберіледі.

– тіркелген 2130 сайлаушының 500-ден астамы ҚарУ-дың жатақханасындағы студенттер. Олар қазір онлайн сабақ оқып жатқандықтан өздерінің тұрғылықты мекенжайларында дауыс береді. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін бес сайлаушыдан «үйден келіп дауыс алсаңыздардар» деген өтініш түсті.

 Арнайы сайлау бюлетені мен жәшікті алып түстен кейін барамыз. Ол кісілер де сайлаудан тыс қалмайды, – дейді  №87 сайлау учаскесі төрағасының орынбасары Жанайдар Жұмагелдин.

Әдебиет ЖҰМАНОВ.

Басқа материалдар

Back to top button