АймақПриозерск

Сайлау учаскесінде жәрмеңке ұйымдастырылды

Приозерск қаласында сайлау учаскесінің алдында кішігірім жәрмеңке ұйымдастырылды.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер арзандатылған бағамен сатылып жатыр. Осылайша қала әкімдігі дауыс берушілерді қызықтырып отыр.

Таңертеңнен бастап дауыс берушілердің легі азаяр емес. Ал, белгілі бір себептермен, денсаулығына байланысты учаскелерге келе алмайтындарға арнайы жәшік үйіне апарылады. Бүгін учаскелерде комиссия мүшелері жұмыс істейді. Барлығы арнайы курстан өткен, сертификаттары бар.

Айта кетейік, жәрмеңкеге қала кәсіпкерлері жұмылдырылған. Бұл жерде дауыс берушілер тұрақтандыру қорының бағаларына сай азық-түлікті, соның ішінде көкөністі, арзанға сатып ала алады.

Нұрдос КӘРІМ,

ПРИОЗЕРСК.

Суреттер автордан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button