Ресми

Сайлау комиссияларының құрамы бекіді

Облыстық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Қадиша Оспанованың төрағалығымен өткен кезектен тыс ХХІІІ сессияда депутаттар аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бекітіп, облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесін қызметке тағайындау туралы мәселені қарады. Одан бөлек, облыс бойынша іске асыру жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының тізімі бекітілді.

Жалпы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 10-бабына сәйкес, облыстық сайлау комиссиясының шешімімен облыстық мәслихат депутаттарын таңдау бойынша 18 аумақтық сайлау округі құрылған. Олардың 3-еуі – жұмыс істеп тұрған сайлау комиссияларының қызмет көрсету аумағына сәйкес келеді. Олар – №№13, 14 және 17 бір мандатты аумақтық сайлау округтері. Депутаттық өкілеттіктер, әдеп, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Жанна Штергер қалған 15 комиссия бойынша аудандық сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру және алдағы сессияларда осы комиссияның мүшелерін сайлау қажет екенін айтты.

– Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын қабылдау 1-15 қаңтар аралығында жүзеге асырылды. Облыстық мәслихаттың округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру мәселелері жөніндегі уақытша комиссиясы округтік сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидаттардың талаптарға сәйкестігіне саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынған құжаттарын зерделеді. Депутаттық корпусқа ұсыныстар берді, – деді Жанна Филипповна.

Саяси партиялар әрбір аудандық сайлау комиссиясының құрамына бір ғана үміткер ұсына алатынын және кандидаттардың барлығы заңға сәйкес тексерілетінін айту керек.

Нәтижесінде, депутаттық корпус облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі 15 округтік комиссияның және Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі 2 округтік сайлау комиссиясының құрамын бекітті.

– Парламент пен мәслихат депутаттарын жаңа сайлау жүйесі негізінде партиялық тізімдер мен бір мандатты округтер бойынша 2023 жылғы маусымға дейінгі мерзімде қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып сайлау өткізу «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының тармақтарының бірі болып табылады. 14 қаңтарда Сенат депутаттарының сайлауы өтті. Келесі кезең – мәслихаттар мен Парламент Мәжілісінің сайлауы. Сайлау іс-шараларын өткізу үшін аумақтық сайлау комиссиялары құрылды. Оның құрамын облыстық мәслихат бекітеді, – деді Қадиша Оспанова.

Кезектен тыс сессияда іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының тізбесі бекітілді. Бұған дейін облыстық мәслихат сессиясының шешімімен облыста жүзеге асырылуы тиіс 61 жоба болған. Бірақ, Ұлытау облысының бөлінуіне және МЖӘ жобасын жүзеге асырудың мақсатқа сай болмауына байланысты жобалар саны азайтылды.

Сонымен қатар, депутаттық корпус Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссия[1]сының мүшесі лауазымына бес жыл мерзімге Аян Тахановтың кандидатурасын қолдады.

Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары, қалалар мен аудандардың әкімдері, басқармалардың, облыстық сайлау және тексеру комиссияларының басшылары қатысты.

Салтанат ІЛИЯШ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button