Жаңалықтар

Сайлау – демократиялық құндылық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қазақстан халқына Жолдауында сайлау рәсімдерін жетілдіруді тапсырды.
«Аумақтық сайлау комиссияларының жұмыс тәсілін қайта қараған жөн. Олар бұл іспен кәсіби түрде айналысуы қажет. Біз бір азаматтың екі рет дауыс беруін болдырмауға тиістіміз. Сондай-ақ, азаматтарымыз кез келген учаскеде дауыс бере алуы керек. Сол үшін сайлаушылардың бірыңғай электронды базасын құру мүмкіндігін қарастыру қажет», – деді Президент.
Сайлау – үлкен міндеттерді толыққанды заңнамаға сәйкес өткізуді қамтамасыз етуші жүйе. Бұдан бұрын ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы бастаманы Президентіміз көтерген болатын. Бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде бұл жұмыс жүзеге асырылды.
Биылғы Жолдауда да Мемлекет басшысы сайлауды өткізудің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілерін жетілдіруді алға тартты. Бұл жерде әділетті сайлау арқылы билікке келген адам елдің ертеңіне кепіл болатындығын меңзеп тұрғандығы сөзсіз. Ел экономикасының өсіп-өркендеуі әділетті сайлаумен тікелей байланысты.Президент бүгінгі тапсырмасымен сайлау демократиялық құндылықтың басты талап үдесінен шығу керектігін айқындап берді.
Мейірхан ТӘТИБЕКОВ,
Балқаш қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button