Ресми

Сайлау белсенді жүріп жатыр

Қаланың Майқұдық бөлігіндегі №136, 137, 138 сайлау учаскелерінде сайлау науқаны қызу жүріп жатыр. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Мектепке кіреберісте кезекшілікке жауапты тұлғалар қойылған. Мектептің директорынан бастап, барлық қызметкерлер сайлаудың тиянақты өтуіне атсалысуда. Сайлаушылардың көңіл-күйі жақсы. Өте белсенділікпен өз таңдауларын жасауда.

– Біздің сайлау учаскемеміз ереже бойынша таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады. Сол сәттен бері тұрғындар ағылып келіп, азаматтық парызын өтеп жатыр. Өз таңдауларын жасауда. Оларға тұрғылықты мекенжайы бойынша мамандар қызмет көрсетуде. Төлқұжатын көрсетсе болды, тізілімге тіркеп, 3 бюлетень парағын алады. Сосын арнайы орынға барып, өз таңдауын жасап, жәшікке салады. Ол жерде мектеп директоры Райхан Галимулина өзі қадағалап тұр, – дейді учаскелік сайлау пунктінің хатшысы.

 

 

№61 орта мектептегі 3 сайлау учаскесі 15 ықшам ауданды толық қамтыған. Өйткені, бұл тұрғыны көп аудан болып саналады. Әр учаскеде 2 мыңнан астам сайлаушы бар. Бақылаушылар мен сенімді өкілдер түрлі партиялар мен қоғамдық ұйымдардан. Олар барлығын қадағалап отыр.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button