Ресми

Сайлауға 20 мыңға жуық бақылаушы қатысуда

Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының басшысы Бану Нұрғазиева мәлімдегендей, бақылаушылар 1 қаңтардан бастап дайындықтан өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Бүгін сағат 07:00-ден бастап Республика бойынша 9559 сайлау учаскесі ашылып, біздің байқаушылар жұмысын бастады. Байқаушыларды 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дайындадық. Барлық өңірде ең танымал тренерлер онлайн және офлайн тренинг, семинарлар өткізді, сондай-ақ орталық сайлау комитетінің өкілдерін де тарттық. Бақылаушылар құрамына ҚР Кәсіподақтар федерациясы, Қазақстанның Азаматтық Альянсы және 2000-нан астам үкіметтік емес ұйымы бар. Бақылаушылардың жалпы саны – 19 650», – дейді Бану Нұрғазиева.

Басқа материалдар

Back to top button