Бас тақырып

Сахнадағы сиқырлы әлем

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры кеше «Халықаралық театр күнін» атап өтті. Іс-шараға өңірдегі барлық драма театр өкілдері ат салысты. Сонымен қатар, салтанатты шара барысында Қазақстанның Құрметті журналисі Сағат Батырханованың «Арқаның абыз театрты» атты авторлық кітабының тұсауы кесілді.

Жалпы, театр күні – ұлы өнердің құндылықтарын, өнерді сүйетін жандарды құрметтеу. Жаңа бастамалар мен шығармашылық ізденістерге жол ашатын орыны бөлек мереке. Белгілі журналист Сағат Батырханова аталған кітаптың тұсауы осы бір мереке қарсаңында кесілгенін кездесоқтық еместігін баса айтты.

– Театрдың 90 жылдығына орай бастаманы өзім бастап едім. Театр тарихы қалу керек. Әрі тарих келешек ұрпаққа жету қажет. Жалпы, театр 1932 жылы театр «Жұмысшы жастар үйірмесі» деген атаумен ашылған екен. Нәубет жылдарындағы қазақ басына қиыншылық туғанда, ешнәрсеге қарамай театрдың жұмыс жасауына себепкер болған ардагерлеріміздің ерен еңбегі кітап беттеріне түсуі керек. Сондықтан, кітапты шығару туралы ұсынысты өзім айтқан едім. «Неге театр тарихы қайта жарық көрмеске?» деген ой келді. Әрі театр тарихын іздеу – театр басшыларының міндеті деп білемін. Театрдың жастарға беретін тәрбиесі де ерек.  Сондықтан, былтыр жылы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың нұсқауымен бүлдіршіндерге арнап «Қуыршақ» тобында аштық. Ертең уақыт өте келе осы бүлдіршіндер үлкен театрдық нақ көрермендері болады. Кішкентайынан театрға қанығып өскен баланың болашағы үлкен, – деді театр басшысы Құрман Қалымов.

Кітаптың тұсауын Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов және Қазақстанның халық, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кеңес Жұмабеков кесті.

Сонымен қатар, мерекелік шара барысында театрдың дамуы мен жандану жолында жемісті еңбек етіп жүрген жандарға арнайы жүлде табыстады. Атап айтсақ, Ғайни Ислямғалиеваға – «Үздік режиссерлік құрам қызметкері», Бақытжан Ерғалиевқа – «Үздік актер», Мақпал Маусымбекке – «Жас дарын» марапатын табыстады. Беглан Омаровқа «Үздік қуырша актері» марапаты ұсынылса, Мөлдір Абдуллаеваны «Үздік қуыршақ актрисасы» деп таныды. Гүлмира Омашева – «Үздік әкімшілік құрамның қызметкері», Ділназ Көшербаева – «Үздік техникалық құрамның қызметкері», Ұлпан Жолтай «Үздік шығармашылық құрамның қызметкері» атанды.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Лаура АМАНТАЙ,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің IV курс студенті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button