Садақаны онлайн төлеуге бола ма?
Бүгінде Қазақстанда садақа беруді онлайн жасау өте оңай. Ол үшін мешітке арнайы барудың қажеті жоқ. Төлемді банк қосымшасы немесе мешіттің ресми сайты арқылы бірнеше минутта жасауға болады. Бұл әдіс уақытты үнемдейді және кез келген жерден қайырымдылық жасауға мүмкіндік береді. Еліміз бойынша биыл пітір садақасы жан басына 735 теңге болып бекітілді.

Онлайн садақаны қалай төлеуге болады?
1. Банк қосымшасын ашыңыз.
2. «Төлемдер» немесе «Қайырымдылық» бөлімін таңдаңыз.
3. Іздеу жолағына «мешіт» деп жазыңыз немесе қайырымдылық санатын ашыңыз.
4. Өз өңіріңіздегі мешітті таңдаңыз.
5. Қайырымдылық түрін көрсетіңіз: пітір садақа, битір, немесе басқа садақа түрі.
6. Төлем сомасын енгізіп, аударымды растаңыз.
Маңызды ақпарат
• Көп жағдайда мұндай төлемдер үшін комиссия алынбайды.
• Төлем жасағаннан кейін түбіртек банк қосымшасындағы операциялар тарихында сақталады.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



