Коронавирус

Сабыр түбі – сары алтын

Елдің құтын қашырып, әбжыландай іріткі салып, әбігер тудырған тәж індеті барша әлем елдерінен жойылса екен деп күндіз-түні ел-жұртымызбен бірге тілеудеміз. Бүгінде қоғамда сан-саққа жүгірткен пәтуәсіз пікірлер, бос әңгімелер көбейіп барады. Мен барша жұртты ондай бос сөзге ермеуге, сенбеуге шақырамын. Осы ауру елімізден шыққалы бері Президентіміз барлық сақтық шараларын күшейтіп, Үкіметке нақты тапсырмалар беруде. Қиын сәтте Елбасымыз – Нұрсұлтан Назарбаев бастап қомақты қаржы бөліп, оған ел билеп отырған азаматтар мен ірі кәсіпкерлер үлесін қосуда. Бұл қанымызға сіңген жанашырлық пен бірліктің арқасы. Кеше ғана Қасым-Жомарт Кемелұлы осы қиын жағдайда тік тұрып, қауіп-қатердің ортасында жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбегіне баға бергеніне қуаныштымын. Елдің жоғын жоқтап, рухын көтеріп көмек көрсетіп жатқан барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Барлық індет жер бетінен жоғалып, еліміз мамыражай бейбіт замандарды басынан кеше берсін деп тілеймін.

Е.ЖӘНІБЕКОВ,

«Ұлағат» қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button