Жаңалықтар

«Сақтықта қорлық жоқ»

 8.04.2017

Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар екі жыл бұрын (2015 жылы) Токаревка ауылында орын алған жағдайға қатысты бейнені таратып, ауылды су басты деген жалған ақпарат таратқан.

Шындығына келсек, ауылдағы жағдай бұл күні қалыпты болды, су басу қаупі орын алған жоқ.

Облыстың ТЖД ресми хабарламасы: «Бұқар жырау ауданындағы Ғ.Мұстафин атындағы елді мекендегі (Токаревкадағы) су тасқыны жағдайы тұрақты. ТЖД мәліметінше, ауданда автожолдарды су шаю мен су басу жағдайлары тіркелмеген. Керісінше, құтқарушылар су басу процесінің баяулағанын атап өтті. Нұра өзеніндегі су деңгейі 40 см-ге төмендеген».

Ал, республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» жолының 141-інші шақырымында 250 метр жерге су жайылған. Биіктігі – 10-15 см. Танымдық белгілер, ленталар орнатылды, жолдың бойына ұсақталған тас себілді. Көлік құралдарының жылдамдық режиміне шектеу қойылды.

9.04.2017

Сағат 15.00-де «Ынталы-Бесоба» автожолының 61-інші шақырымында қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін еріген қар суын өткізу үшін ор жасалды. Бесоба ауылына дейін айналма жол (1,5 шақырым) жасалды. Тиісті жұмыстарға 5 адам, 4 техника тартылды. Оқиға орнына бекет қойылды.

Қарағанды облысында су деңгейі -38-ден +42 см-ге дейін ауытқыған. Су деңгейінің көтерілуі Нұра өзені – Ақмешіт ауылы (+42 см), Шерубай-Нұра өзені – Қарамұрын раз. (+28 см) байқалады. Сонымен қатар, Шерубай-Нұра гидробекетінде – Шопа ауылы (-21 см), Нұра өзені – Балықты т/ж ст. (-16 см) су деңгейі айтарлықтай төмендеген.

Алдағы күндері гидрологиялық бекеттерде су деңгейі көтеріледі және өзендерде су көлемі ұлғаяды деп күтілуде.

Әзірлеген

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button